Қазақстан – ортақ үйіміз
Республика күніне орай «Қазақстан – ортақ үйіміз!» атты патриоттық әндер мен мәнерлеп оқу сайысы өтті!
Қосшы қаласы «№3 мектеп-лицейі» КММ-де Республика күнін мерекелеу аясында 1–11 сынып оқушыларының қатысуымен ерекше рухты патриоттық әндер мен мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды.
Бұл іс-шараның басты мақсаты — өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін ояту, туған еліне, қазақ жеріне деген сүйіспеншілікті арттыру, сондай-ақ балалардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау.
Сайыс барысында оқушыларымыз туған елімізді, көк байрағымызды және бебітшілікті жырлайтын әсерлі өлеңдер оқып, жүректен шыққан әсем әндерін тарту етті. Өнерпаз балаларымыздың белсенділігі мен патриоттық рухы баршамызға ерекше шабыт сыйлады! 🌟
Баршаңызды ұлттық мереке — Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміз тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! 🕊️🇰🇿
#ҚосшыҚаласыныңБілімБөлімі
#ҚосшыҚаласыныңӘкімдігі
#oqu_agartu_ministrligi
#aqmoedu