Тамақтану сапасына мониторинг жүргізілді


/public/files/2026/10/14/141026_184504_oktyabry-brakeragh.pdf
Тақырыбы: Мектеп асханасында бракераждық тексеріс жүргізу туралы
2026 жылғы 12 қазан күні мектеп асханасында бракераждық комиссия тарапынан тексеріс жүргізілді.
Тексеру барысында дайын тағамдардың сапасы, бекітілген ас мәзіріне сәйкестігі, тағамдардың дайындалу сапасы мен берілу температурасы, азық-түлік өнімдерінің сақталу жағдайы, сондай-ақ асхананың санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкестігі қаралды.
Тексеру нәтижесінде асхана жұмысының ұйымдастырылуы, тағамдардың сапасы және санитарлық-гигиеналық жағдайы талаптарға сай екендігі анықталды. Дайын тағамдардың сапасына қатысты ескертулер анықталған жоқ.
Қорытынды: Мектеп асханасында тамақтандыру жұмысы белгіленген талаптарға сәйкес ұйымдастырылған. Бракераждық тексеріс нәтижесінде ешқандай олқылықтар анықталған жоқ.