
Құрметті ата-аналар!
Сіздерді мектебіміздің ресми сайтынан көргенімізге қуаныштымыз!
Бұл сайт – мектеп өміріндегі маңызды жаңалықтармен, жетістіктермен және оқу-тәрбие үдерісіне қатысты ақпараттармен танысуға мүмкіндік беретін ортақ ақпараттық алаң. Мұнда білім алушыларымыздың жетістіктері, мектептегі іс-шаралар мен жаңалықтар тұрақты түрде жарияланып отырады.
Сайттағы ақпарат сіздер үшін пайдалы әрі қажетті мәлімет көзі болады деп сенеміз. Біздің басты мақсатымыз – мектеп, ата-ана және оқушы арасындағы өзара байланысты нығайтып, бала тәрбиесі мен сапалы білім беруде бірлесе жұмыс жасау.
Әрбір оқушының жарқын болашағы – біздің ортақ мақсатымыз. Сондықтан сіздерді мектеп өміріне белсенді араласып, жаңалықтарымызбен бірге болуға шақырамыз!
Құрметпен, Мектеп директоры: Балдекова Жанар Кошкеновна