ABAI ШЕБЕР FEST

Қазақстан Республика күніне арналған
«ABAI ШЕБЕР FEST» облыстық этнофестивалі Семей қаласы

Форматы: Облыстық этнофестиваль-көрме, шеберлік сағаттары және мәдени-танымдық бағдарлама
Мақсаты: Ұлттық қолөнерді насихаттау және дамыту, халық шеберлерінің шығармашылығын дәріптеу, қазақтың дәстүрлі қолөнерін заманауи форматта таныту, этномәдени құндылықтарды кеңінен насихаттау, жастарды ұлттық өнерге баулу және қолөнер шеберлері арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау.

Фестивальге Қазақстан республикасының өңірлерінен арнайы шақырылған танымал өнер қайраткерлері (спикерлер ретінде) Семей қаласы мен Абай облысының аудандарынан кәсіби қолөнер шеберлері, этнодизайнерлер, зергерлер, ағаш және тері өңдеу шеберлері, керамисттер, ұлттық киім дизайнерлері және шығармашылық ұжымдар қатысады.
Біздің мектептен Сарсенов Ертай Алтаевич, Евразия дизайнерлер одағының мүшесі, ШҚО Алтын сапа гран при жүлдегері қатысты.